Русский | Қазақша | English


Ауа райы
Астана .................... +24  +26
Алматы ................ +18  +20

www.gismeteo.ru


Валютаның ресми бағамы
 USD .................. 379.36
 EUR .................. 424.47
 RUR .................. 5.88

"Астана Инвест Металл" ЖШС Қазақстан Республикасындағы металл өнімдерінің ірі тасымалдаушысы. Металл өнімдері нарығындағы бес жылдық сәтті жұмыстар барысында компаниямыз өзін сенімді әріптес ретінде көрсете білді.

     "ТД ЕвразХолдинг" ЖШМ, "Магнитогорский металлургический комбинат" ЖАҚ, ООО «Русская горно-металлургическая компания», Метинвест-Украина,   "Мечел" ЖАҚ, “АрселорМиттал Темиртау” АҚ сияқты металлургиялық мекемелерінің кең ассортименттегі металл өнімдерін тікелей тасымалдауды жүзеге асырамыз.

    Біздің компанияның негізгі мақсаты мыналар болып табылады: өнеркәсіптік және құрылыс мекемелерін болат өнімдері және құбырларымен кешенді және уақытылы қамтамасыз ету.

    Компания қызметінің негізгі бағыттары – металлургиялық комбинаттардан көтерме жеткізілімі және компанияның қоймаларынан жеткізілім. Қоймаларға келіп түсетін барлық металл өнімдерінің өндіруші сапа сертификаттары бар.

    Нарықта бізді үш принциппен жұмыс атқаратын мекеме ретінде таниды. Қолданатын принциптеріміз – жеделдік, сапа, сенімділік. Өз қызметімізбен сенімді және тәртіпті Компанияның беделін бекіту принципімен жұмыс жасаймыз, яғни барлық жағдайда клиенттерімізге, әріптестерімізге, қызметкерлерімізге барлық міндеттерімізбен адал екенімізді білдіреміз.

    Компанияның табысты іс-әрекеті клиенттеріміздің мүддесіне және қызмет көрсетудің жақсаруына барынша бағытталған, тұтынушылардың талаптары мен үміттерін толық қанағаттандыруға тырысуымен анықталады. Біздің жетістігіміздің кепілі мыналар болып табылады:



— Өзіміздің құрал-жабдықпен жабдықтандырылған автокөліктің кез-келген түріне металлды жедел тиеуді қамтамасыз ететін кәсіби металл қоймаларымыз;
— Металл базаларынан металлды тікелей тиеу және комбинаттарда құрама вагондарды қалыптастыру мүмкіндігі;
— Қоймадағы металл өнімдерінің көптілігі;
— Жоғары сапалы металл өнімдерінің кең ассортименті:

Сұрыпты өнімдер: арматура, катанка, дөңгелек, квадрат
Фасонды өнімдер: бұрыштамалар, швеллер, сай
Жалпақ өнімдер: ыстық күйінде бастырылған, мырышталған
Құбырлар: тігіссіз, электрмен балқытып біріктірілген, қапталды

— Тапсырыстарды топтастыру және металлды базада кесу;
— Есеп айырысудың қолайлы формалары (тиімді жеңілдіктер жүйесі, төлемнің түрлі мерзімдері мен формалары);
— Алдын-ала төлемсіз металл базаларында тауарды резервтеу;
— Сіздің тапсырысыңызды біздің сайтта орналастыру мүмкіндігі;
— Жоғары жылдамдық және қызмет көрсету сапасы;
— Жоғары тәжірибелі қызметшілер, жедел жұмыс және әрбір клиентке жекелей қызмет көрсету;
— Тапсырысты дәл және уақытылы орындау;
— Кез-келген жағдайда міндеттерді орындау;
— Төмен бағалар.

Жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз, сату жүйесін жетілдіру, әрбір тапсырыс берушімен жақсы және сенімді әріптестік қарым-қатынастарын орнату жолымен ары қарай дами түсеміз және алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асырамыз. Сіздің сеніміңізді ақтау үшін клиенттермен жұмыс жасаудың тиімді жүйесін ойлап таптық. Телефон арқылы жасалған әрбір тапсырыс қысқа мерзім ішінде сату бөліміне жеткізіледі және сол жерде Сіздің жеке қажеттеріңізді ескере отырып рәсімделеді.

Біздің менеджерлеріміз  Сіздің сұрақтарыңыздың барлығына жауап береді, тапсырыс берген металл өнімдерін қоймадан тиеу және жеткізу мерзімін дәл келіседі.  Клиенттердің қажеттіліктерін біле отырып, біздің менеджерлеріміз сіз жиі сатып алатын тауар барлық уақытта бізде табылатындай етіп, ассортиментті нашына келтіріп қалыптастырады. Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз! Біз ары қарай компанияны кеңейтуге және жаңа сату нарықтарын игеруге бағытталдық.


Мүдделі мекемелерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз!